Сырдария аудандық орталық ауруханасының дəрігерлері бүгін 'Дені сау ұрпақ - ұлт болашағының кепілі' ұранымен акция өткізуде. Мақсаты өрбіту жасындағы əйелдердің денсаулығын жақсарту мақсатында мамандандырылған көмек көрсету. Акцияда жастар денсаулығы орталығының дəрігерлері отбасын жоспарлау денсаулық мектебінің денсаулық сабақтарын ұйымдастырса, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Артериалық гипертензия денсаулық мектебінің пациенттеріне 'Семіздік жəне АГ', 'Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру' тақырыптарында дəріс сабақтарын жүргізіп, ақпараттық танымдық материалдар таратты.