Бүгін, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасының дəрігерлері бас дəрігердің пациенттерді қолдау жəне ішкі аудит жөніндегі орынбасары А. Серикбаева, дəрігер терапевт М. Садыкова, бас акушер гинеколог Н. Абишева, маммолог дəрігер А. Құлеке, психолог С. Ильясова, фтизиатр Л. Ибраймова, Шаған ауылдық дəрігерлік амбулаториясының гинекологы Л. Сатбаева, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Г. Жаналиева, жастар денсаулығы орталығының дəрігері Д. Алашбаева қатысуымен " Дені сау ұрпақ -ұлт болашағының кепілі" ұранымен акция өткізуде. Іс шараның мақсаты: өрбіту жасындағы əйелдердің денсаулығын жақсарту мақсатында мамандандырылған көмек көрсету. ҚР ДСМ 12 шілде 2012 жылғы 452 бұйрығына сəйкес мақсатты топтағы өрбіту жасындағы əйелдерді контрацепциямен қамтамасыз ету, жүкті əйелдерге психологиялық кеңес беру. Жастар денсаулығы орталығының мамандары Шіркейлі ауылының өрбіту жасындағы əйелдерді отбасын жоспарлау денсаулық мектебінің денсаулық сабақтарын ұйымдастырса, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Артериалық гипертензия денсаулық мектебінің пациенттеріне " Семіздік жəне АГ" , "Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру" тақырыптарында дəріс сабақтарын жүргізіп, ақпараттық танымдық материалдар таратты.
![Сырдария аудандық орталық ауруханасының дəрігерлерінің акциясы](https://sun9-70.userapi.com/impf/c840529/v840529545/4bb43/Zygv8aK78ww.jpg?size=771x423&quality=96&sign=c734dbce047c9c32499129a8860dd2e2&c_uniq_tag=-iDUbQnSuo0vPezzMuLarFLyRY0w6ipeTNEz4CMUFrk&type=album)